Қазақстанда кіреберіс жолдарды пайдалану ережелері өзгерді

Жаңалықтар
18.01.2018, 17:38

foto_121Кіреберіс жолдарды пайдалану ережелерін бекіту жөніндегі бұйрыққа енгізілген өзгертулер күшіне енді. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұйрықта кіреберіс жолдарды жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу түрлерін қарастыратын норма енгізілген. Бұл белгіленген жұмыстарды жүргізу процесін реттеуге және жол тармақтары иелерінің кіреберіс жолдарды негізсіз жауып тастауын шектеуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, жоспарланған жұмыс кестесі өзгерген жағдайда жол тарамақтарының иелері тасымалдау қызметін көрсететін пайдаланушыларды кем дегенде 15 күн бұрын хабарландыруға міндетті.

Бұдан бөлек, ережеде жол тармақтары иесінің қажет болса, қабылдау-беру тізімдемесін тасымалдаушыдан сұрау құқығы белгіленген.

Анықтама: Қазақстанда контрагенті бар 3274 кіреберіс жолдар бар. Олардың жалпы ұзақтығы 11 мың шақырымды құрайды.

Сұхбат

PhotoRoom