Ақтөбе агломерациясын дамыту схемасы әзірленді

Жаңалықтар
27.02.2018, 15:51

14446180_1213416322033996_2290586153599037074_n

Ақтөбе агломерациясына Ақтөбе қаласы және облыстың 6 ауданының елді мекендері кірді (Алға, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар және Хромтау).

«Агломерациялау процестерін дамыту үшін агломерацияның өзегі Ақтөбе қаласының және орталықтардың халық санын ұлғайту қажет: шығыс бағытта – Хромтау қаласы; батыста – Қобда ауылы, солтүстік батыста – Мәртөк ауылы, оңтүстік бағытта – Алға және Қандыағаш қалалары. 2030 жылға қарай халық саны 1,5 есе өседі, деп күтілуде»,- деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында жасаған баяндамасында.

Жобада аумақтың ресурстық, минералдық шикізат және өндірістік әлеуеті ескеріліп, агломерацияның перспективалы өндіру күштерін дамыту ұсынылды. 2030 жылға қарай жоғары технология, инновация, ғылым, сауда және қызмет көрсету салалары дамитын болады.

«Халыққа жасалатын жағдайларды арттыру, жүктердің еркін қозғалуын қамтамасыз ету үшін Ақтөбе қаласының 63 км айналма автомобиль жолын салу (Үлкен Оңтүстік және Батыс);  «Қандыағаш – Мақат» учаскесінде «Орталық – Батыс» дәлізін, «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астраханға)» («Ақтөбе – Қандыағаш»учаскесінде), «Ақтөбе – РФ шекарасы (Орскіге)» республикалық маңызы бар автожолдарды реконструкциялау; облыстық маңызы бар 5 автожолды және аудандық маңызы бар 20 жолды күрделі жөндеуден өткізу ұсынылды»,-деді министр.

Сонымен қатар, 143 км электрлендірілген теміржол желісін  салу («Бестамақ – Құрайлы» және «Бестамақ – Хромтау»), «Ақтөбе – Қандыағаш», «Хромтау – Қандыағаш», және «Ақтөбе – Мәртөк» теміржол учаскелерін электрлендіру, Қандыағаш, Хромтау, Алға қалаларында, Мәртөк, Жайсан, Тамды, Темір, Бестамақ және Қаратоғай ауылдарында теміржол вокзалдарын жаңғырту қарастырылуда. Агломерация мен тұтастай Батыс өңірінің электр энергиясына қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін «Өлке – Атырау» 500 кВ жүйеаралық әуе желісін салу ұсынылады. Агломерацияны газдандыру қалааралық және ауыларалық газ желілерін салу есебінен 99% -ға жетеді. Сумен жабдықтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шараларды іске асыру 70 елді мекенді орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Агломерацияның тұрғын үй қоры 12 млн. шаршы метрден 26 млн. шаршы метрге дейін ұлғаяды, бұл ретте қамтамасыз ету 2030 жылға қарай 21 шаршы метрден 28 шаршы метрге дейін ұлғаяды.

Сұхбат

PhotoRoom