Ордабасы: кеше, бүгiн және ертең

Жаңалықтар
30.10.2014, 17:37

"Ордабасы: кеше, бүгiн және ертең" тақырыбындағы республикалық дөңгелек үстел отырысы басталды. Ұйымдастырушылар - ОҚО iшкi саясат басқармасы, Дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы және "Киелi Қазығұрт" қоғамдық қоры.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Құрманғали:

"Құрметті дөңгелек үстелге қатысушылар! Еліміздің тарихында Бадам өзені бойы Ордабасы тауындағы тарихи бас қосудың орны ерекше. Үш жүздің тізе бүктіріп, бас қосқан іс-қимылдарының нәтижесінде қазақ халқы 1727 жылы жоңғарлармен болған Бұланты – Білеуті шайқасы мен 1729-1730 жылдары Аңырақай шайқастарында жеңіске жетті. Бүгін біз дөңгелек үстелді   «Ордабасы: кеше, бүгін және ертең» тақырыбында өткізуді жоспарладық" деп атап өтті.

IMG-20141030-WA0016

 

Дөңгелек үстелге Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы президиумы төрағасының бірінші орынбасары Мамашев Талғат Асылұлы және Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектептің директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Миразова Аягүл Төреқызы қатысты. Сонымен қатар, облыстағы белгілі қоғам қайраткерлері, халық қалаулылары, кәсіпкерлер келді.  

Сұхбат

PhotoRoom