Донецкінің жалпы білім беретін мектептеріне Ресейден мыңдаған оқулықтар жеткізілді деп хабарлайды, euronews. Оқулықтардың барлығы жаңа еместігі, бұрындары ұсталған кітаптар деп хабарланды.
Ресейдің өңірлерінен гуманитарлық көмек ретінде жинастырылған оқулықтар Донецкіден бөлек қалалар мен елді мекендерге де жіберілуде.
Жергілікті мектеп басшыларының бірі "Біз Ресейдің білім жүйесіне қосылуды әңгіме қылып отырған жоқпыз. РФ мен Кедендік одақ елдерімен қарым-қатынасты дамыту мақсатында білім жүйемізді де интеграциялап отырмыз" деп жауап берген.
Жеткізілген оқулықтардың көбі нақты ғылым кітаптары екен. Гуманитарлық пәндердің оқулықтары да бар болғанымен, аса көп емес.