Жыл соңына дейін шыны зауыты салынып, жеті инвестициялық жоба жүзеге асады

Жаңалықтар
07.11.2014, 12:15

Жаңа жылға дейін Қызылордада шыны зауытының құрылысы басталады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді. 

«Әрине, тұтас бір аймақтың тыныс-тіршілігін аз ғана уақыттың ішінде толыққанды айтып шығу мүмкін емес шығар. Сондықтан, өңір дауымының ең маңызды үш бағытына тоқталғанды жөн сана отырмын», - деген аймақ басшысы алдымен өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуындағы жаңалытарға тоқталды.

krymbek_kosherbaev-baq.kz_

«Алдымен, экономикалық және әлеуметтік салалардағы негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат берейін. Облыс экономикасы, әсіресе, оның өндірісі негізінен мұнай-газ және уран өндірісіне арқа сүйеуде. Дегенмен, кен орындарындағы қазба байлықтарын пайдалану уақыты аяқталып келеді. Әсіресе, мұнай өндіру көлемі азайғанымен, өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемін төмендетпей ұстап тұрмыз. Былтырғы жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 20% болды. Сондықтан, биыл осы жетістігімізді сақтап қалсақ дейміз. Шамамыз жетсе, арттыруға күш салудамыз. Қазіргі экономикалық ахуалдың жағдайында бұл аз жетістік болмайды деп ойлаймыз», - деген әкім аймақ үшін индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының маңызы көп екенін жеткізді.

«Қызылордада шыны зауыты салынады дегеннен бері біраз уақыт болғанын білесіздер. Биыл зауыт құрылысы басталады. Жобаны жүзеге асыру оңай болды деп айта алмаймын. Келіссөздер өте қиын өтті. Бірақ, қазір барлық мәселелер, соның ішінде қаржылық мәселелер шешімін тапты. Жақын арада, жаңа жылға дейін, құрылыс алаңына шығамыз деп күтудеміз», - деді әкім.

Қызылорда облысының әкімі хабарлағандай, бұл жоба жүзеге асса, Қазақстанның ішкі нарығының 70 пайызын қанағаттандыруға мүмкіндік болады.

«Бүгінде Қазақстан тұрмысқа қажетті шыныларды, шыны табақшаларын Ресей, Қытай, Қырғызстан және Түркиядан сатып алып отыр. Ал біздің жобамыз жүзеге асқан жағдайда, жылына 200 мың тонна шыны шығаруға мүмкіндік болады. Сол арқылы Қазақстанның ішкі қажеттілігінің 70 пайызын, Орта Азия мемлекеттерінің қажеттілігінің 30 пайызын қанағаттандыруға мүмкіндік аламыз», - дейді аймақ басшысы.

Сондай ақ, жалпы құны 2,3 млрд теңге құрайтын 7 инвестициялық жобаны жүзеге асырып бітеді. «Қызылорда облысында шағын, бірақ жоғары техникалық кәсіпорындар ашыла бастайды. Атап айтсақ, машина дөңгелектерін қайта өңдеп, резеңке ұнтағын және жерасты суару түтіктерін жасайтын, Қазақстанда баламасы жоқ инновациялық өнім – резеңке төсеніш бұйымдарын әзірлеп шығаратын «SmartRubber» кәсірорны жұмыс жасауда», - дейді Қ. Көшербаев.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін аймақ жалпы құны 2,3 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жобаны жүзеге асырып бітеді.

«Сонымен қатар, Шиелі ауданында қиыршық тас шығаратын зауыт іске қосылды. Ас және техникалық тұз өндіретін «Арал тұз» АҚ өндірісін жаңғырту жобасы аяқталды. Әк өндіру зауытының алғашқы сынамалық өнімдерін шығару басталды. Жыл соңына дейін аймақта жалпы құны 2,3 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда», - деп түсіндірді әкім.

 

 

Сұхбат

PhotoRoom