Байқоңырдағы 6 мектеп қазақстандық білім беру стандарттарына көшеді

Жаңалықтар
07.11.2014, 12:27

Байқоңырдағы 6 қазақ мектебi қазақстандық бiлiм беру стандарттарына көшедi. Бұл туралы бүгiн Астанада Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Қызылорда облысының әкiмi Қырымбек Көшербаев мәлiм еттi. 

«Иә, бiзде Байқоңырда 6 қазақ мектебi бар. Олар Қазақстанның емес, Ресейдiң бiлiм стандарттарымен оқиды. Қазақтың балалары қазақ мектебiнде «Менiң президентiм - Путин» дейдi. Ол қалай?! Ертең қалай өз елiнiң патриоты болады?! Екiншi жағы бар, оқушылар мектеп бiтiргеннен кейiн бiздiң Ұлттық бiрыңғай тестiге қатыса алмайды. Сосын, Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсе алмайды. Бұл - заңды құқықтарына шектеу. Сондықтан, үкiметаралық комиссияның жұмысы жүрдi. Екi мемлекеттiң Бiлiм министрлiктерi осы жөнiнде келiссөз жасады. Амандық болса, 2015 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап, Байқоңырдағы 6 мектеп қазақстандық бiлiм беру стандарттарына көшедi», - дедi әкiм.

Сұхбат

PhotoRoom