"Нұрлы жол" - болашаққа бағыт

Жаңалықтар
11.11.2014, 12:22

 Қазақстанның «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясаты жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Құрметті отандастар, 2007 жылы басталған дүниежүзілік дағдарыс өзінің қиын жағдайларын әлі тәмамдаған жоқ. Сол дағдарыс әлі күнге дейін жүріп жатыр. Оның салдарын біз көріп отырмыз. Оның үстінде Ресей мен Батыстың арасындағы бір-біріне санкция мәселелері бар, Таяу Шығыста орын алған жағдайлар бар. Осының барлығы Қазақстанға өз ықпалын тигізеді. Сондықтан дағдарыс әрі қарай әлі жалғасып жатыр деп айтуға болады. Біз осыған қарсы шара қолдануымыз керек», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, халықтың сенімін ақтау, қиын жағдайдан аман-есен алып шығу жағдайларын ойластыру керек.
«Алдымызда тұрған 2-3 жыл бүкіл дүниеге де, елімізге де оңай болмайды. Сондықтан біз не істеуіміз керек, қандай шаралар қолдануымыз керектігін ойластыруымыз керек. Осыған байланысты мен Жолдауды ертерек жариялайын деп шештім. Қалған 50 күннің ішінде, жаңа жылға дейін Үкімет осы Жолдауға орай не істеу керектігін дайындап, өздерінің шараларын әзірлеп, Жаңа жылдан іске кірісуі керек. Соған уақыт беру үшін ендігі жылы емес, жылдың аяғында Жолдауды жариялап отырмын», - деді ҚР Президенті.

«Менің тапсырмама сәйкес Үкімет дамудың ауқымды жаңа бағдарламасын әзірлеуді аяқтады. Бүгінде біздердің алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жария етемін. Дәл осыған мен 2015 жылға арналған халыққа Жолдауымды арнаймын», - Н.Назарбаев.

Елбасының атап өтуінше, жаңа саясат еліміздің құрылымдық реформаларын одан әрі жүзеге асыруға бағытталатын болады.

 

Сұхбат

PhotoRoom