Әкімдік қызметте екі ерекшелігі бар Ахметов екі жылда мәселені шеше ала ма?

Сараптама
12.11.2014, 11:44

Кеше Елбасы облыс әкімдерімен кездесті. Ол Қазақстан халқына Жолдауында жария етілген жаңа экономикалық бағдарламаны жүзеге асыруға бүкіл өңірлер қатысуы қажеттігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев алға қойылған барлық міндеттерді жүзеге асыру үшін облыс әкімдерінің бар мүмкіндіктерін тиімді пайдалануы керектігіне назар аударды. Сондай-ақ әкімдер Президентке өздері басқарып отырған өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

article170

Осы кездесуден кейін Президенттің Жарлықтары бойынша ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев вице-премьер болып тағайындалды. Үкіметте зор тәжірибесі бар Бердібек Мәшбекұлының орталықтағы қызметіне ешкім күмән келтіріп отырған жоқ. Себебі оны әлденеше рет Премьер-министр етіп қойған гу-гу әңгімелер. Яғни, халықтың құлағы үйренген.

Өндірісті облысқа басшы болып кейінгі кезде саяси сахнада эпизодттық рөл де бұйырмай жүрген Даниал Ахметов барды. Қорғаныс министрлігінен кейін көрінбей кеткені рас. Сол себептен де шығар, көпшілік И. Тасмағамбетов министр боп тағайындалғанда саяси карьера түгесілетін жер деп бағалап жатты. Әсілі, қос Ахметовтен кейін болса керек. Десе де, Қорғаныс министрлігін басқарғандар жерде қалып жатқан жоқ. Күні кеше Әділбек Жақсыбеков Астанаға екінші рет әкім боп жайғасты. Енді міне, стратегиялық көршімен қоян қолтық араласып жатқан, стратегиялық жағынан маңызды облыстың екі тізгін, бір шылбырын Даниял Кенжетайұлы ұстады.

_axmetov

 

Бұл қызмет Ахметов үшін таңсық емес. Екібастұз қаласын басқарып, тәжірибе жинаған ол Павлодар облысының бірінші әкімі (1995-1997жж), Солтүстік Қазақстан облысының реттік саны бойынша екінші әкімі (1997-1999жж) болды. 2001 жылы туған жеріне басшы ретінде қайта тағайындалды. Әкімдік қызметінің спецификасы өзгелерге ұқсамайды. Мерзімі тұрақты - 2 жыл. Ресеймен шекаралас өңірлерді басқарған. Даниал Ахметов атқарушы биліктің тізгіншілерінің бірі ретінде де тарихта қалды. Бәлкім ең ұзақ отырған Премьер-министр ретінде аты шығар ма еді, егер Кәрім Мәсімов рекордты жаңартпағанда...

Даниал Ахметовке Шығыс Қазақстанда атқаратын шаруа аз емес. Біріншіден, идеологиялық ахуалды реттеу. Мәңгілік ел, Қазақ елі идеяларын қабылдамай, шала бүлініп отырғандар көп. Украинадағы шиеленіс кезінде сол жақтағы орыстар үшін бастары ауырып, балтырлары сыздағаны бар. Өскеменді көзге шұқып, ши шығарғысы келіп отырған жұртпен қойы қоралас жатыр Шығыстың... Елбасы жолдауында логистика мәселесі ашық айтылды. Ал, ШҚО - жол қатынастары бойынша, сапасы жөнінде республика бойынша аутсайдер өңір. Ауыз-су проблемасы тым күрделеніп кеткен. Салыстырмалы түрде алғанда наразы адамдар көп екені сондықтан да шығар. Осыларды (әдетте оған берілетін кепіл уақыт) 2 жылда (!) шешуді қаперге ұстау керек, Кенжетаевич!

gulshara-abdikalikova

Саяси шахмат тақтасындағы фигуралар ауысып жатқанда вице-премьер болып, ел аралап жүрген Гүлшара Әбдіхалықова Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызмет қосарланып жүретін. Соңғы рет ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин қосымша атқарып жүрген еді.

 

Сұхбат

PhotoRoom