БАЛАМАЛЫ ҚУАТ КӨЗДЕРІН ӨНДІРУ КӨЛЕМІ АРТАДЫ

Сараптама
17.10.2018, 14:28

Елімізде  2020  - жылға дейін Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі мемлекеттік тұжырымдаманың іске асырылуы үшін- кешенді жұмыстар жүруде.   Экономикалық һәм экологиялық тұрғыда тиімді жобалар – ортақ игілік. Энергиялық тиімділік саясатын іске асыру Жамбыл облысында да оң жолға қойылып отыр.

Әулиеата өңірінде  күннен, желден, судан энергия өндіретін 168 магаваттық 10 станция бар. 2020 – шы  жылға дейін болашақ энергия көздерін арттыруға тағы 5 нысан салынып, қуаттылығын 247 мегаватқа жеткізбек. Бұл көрсеткіш бойынша Жамбыл өңірі, қазірдің өзінде өзге облыстардан оқ бойы озық тұр.  Соның бірі – жел электр станциясы. Іске қосылған сәттен бастап 130 миллион киловаттан астам таза энергия өндірген. Қазіргі уақытта  қуаттылығы 54 мегаватт болатын  қосымша 3 блокты станцияның құрылысы жүргізілуде. Қордай асуындағы жел электр станциялары үш бірдей компанияға тиесілі. Осы күнге дейін екі жоба толықтай жүзеге асып, тұрақты жұмыс істесе, қуаты 54 мегаваттық үшінші станция кезең-кезеңмен салынып жатыр. Оның қуаты алдыңғыларынан екі жарым есе көп.

 

 «VISTA INTERNATIONAL» ЖШС ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ Марат Тоқбаев, «Электр энергиясын өндіру көлемі тікелей табиғатқа байланысты. Жел көбейген сайын өнім де арта түседі. Мәселен осы жыл басынан бері сағатына 130 млн нан астам  электр энергиясын өндірдік. Біз бұл электр қуатын бүтін бір ауылға, ауданға немесе қалаға емес, мемлекетке өткіземіз. Ал жалпы алғанда, өз өнімімізбен Қордай ауданының аумағын толықтай қамти аламыз. Ал Шу ауданындағы Тасөткел су электр станциясы болса, жылына 48 миллион кВатт электр қуатын өндіреді. Қыста Шу өзенінде су мол болса, өнім көлемі де еселенеді. Жоба құны 1 млрд 350 млн.тг құрайды. Өңірде жаңартылатын энергетикалық жобалар мықтап қолға алынған. Атап айтсақ, Қаратау қаласының маңында 4 және 4,5 МВт құрайтын 2 жел электр станциясын салу жоспарланып отыр» - дейді.

Құдайберген ҚОРҒАНБАЕВ – Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және ТКШ басшысының орынбасары

Тағы да жаңартылған энергия көздерін құрайтын нысанның бірі -  224 гектар алқапты алып жатқан Жуалы ауданындағы күн электр станциясы. Мұнда сағатына 100 мегаватт энергия өндіріледі. Биыл «Бурное Солар» нысанының екінші кезеңінің құрылысы аяқталып, 50 МВт құрайтын «Бурное Солар -2»  жобасы іске қосылды. Республикада жаңартылған энергия көздерінен алынатын жалпы қуаты 392,8 Мегаватты құрайтын 59 нысан бар. Оның 43 пайызы Жамбыл облысының үлесінде. 2020 жылға дейін мұндай нысандардың саны тағы артып, Жамбыл облысы өз қажеттілігінің басым бөлігін  баламалы қуат көздерінен алуды жоспарлап отыр. Осылайша 2020 жылға дейін Жамбыл облысы «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі мемлекеттік тұжырымдаманың іске асуына өзіндік үлесін қоспақшы.

Сонымен аймақта баламалы қуат көздерін өндіру көлемі артуда.

 

ТАСӨТКЕЛ СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ Әлішер Жұмабаевтың айтуынша, қазір негізгі қуаттылық 9,2 кв, бірақ қаз су деңгейі төмен болғандықтан су аз. Нақтылы кезеңде сағатына 3,5 мв өнім алынуда. Ал, Жуалы ауданындағы күн электр стансасы – бүкіл Орталық Азиядағы ең үлкен нысан саналады. Ол 224 гектар жерді алып жатыр. Мұнда сағатына 100 мегаватт энергия өндіріледі. Бұл дегеніңіз 70 000 үйге қажетті қуат көзі. Ал,  «BURNOУE SOLAR-1» ЖШС жоба менеджері Арман АСЫЛХАН: «Ауа-райының бұлтты, жауын-шашынды кездерінде станцияның шығарған өнім көлемі жылына 75000 млн.квт,қа жуықтайды. Бұл әрқайсысынан, ал егер екеуін біріктірсек, бұл 150 000 млн.квт ты құрайды. Күн ашық кезде тәулігіне 300 мың, яғни 660 мың Квт/сағат қуат көзін өндіруге мүмкіндік туады. Бірінші нысандағы электр энергиясының құны 43 теңгеге жақындаса, екінші нысанда 34 теңге 61 тиынды шамалайды» дегенді жеткізді.

Бұл компаниялардың барлығы да, өндірген энергиясын оны таратумен айналысатын арнайы мекемелерге тасымалдайды. 2020-шы қарай мұндай нысандардың саны тағы артып, Жамбыл облысы өз қажеттілігінің 60 пайызын баламалы қуат көздерінен алады деп жоспарланып отыр.

 

 

Жуықта аймақ әкімі Асқар Мырзахметов облыс бюджеті есебінен салынған және коммуналдық меншікке алынған электр желілері бойынша бірыңғай оператор құрылатынын мәлімдеді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. Басқосуда күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров баяндама жасады. Ол Жамбыл облысында электр желілерімен қамтамасыз ету бойынша толық талдау жасалғанын жеткізді.

Қазіргі таңда өңір көлеміндегі барлық электр желілерінің ұзындығы 17030,7 шақырымды құрайды. Ал қосалқы трансформаторлар саны – 3568. Оның ішінде: бюджет есебінен салынған және коммуналдық меншікке алынған электр желісінің ұзындығы 3206 шақырым, «ЖЭЖ»ЖШС-нің теңгерімінде электр желілері 13715, жеке кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен салынғаны 36,5, иесіз қалғандары 73,2 шақырым.

Басқарма басшысы облыстың электр эгнергиясын тұтыну көлеміне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, облыста қыс мезгілінде 460-490 МВт, жаз мезгілінде 330-350 МВт тұтынса, 58-60 пайыз сырттан тасымалданады. Қалған 40 пайызы облыстағы энергия көздерінен алынады.

Сондай-ақ, жиында 2007-2018 жылдар аралығында бюджет есебінен салынған қолданыстағы электр желілері мен трансформатордың қосалқы станцияларының жартысына жуығы тозығы жеткен. Осы және өзге де мәліметтермен бөліскен басқарма басмшысы өз сөзінде құрылатын бірыңғай оператор «Таразтрансэнергия» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің балансына берілетінін тілге тиек етті. Ол желілер мен станциялардың техникалық жағдайын жақсартуға, күтіп ұстауға мүмкіндік бермек.

Асқар Исабекұлы тарифтерді төмендету, ол бойынша кешенді зерделеу жүргізу керектігін ескертіп, тарифті төмендету арқылы кәсіпкерлікті дамытуға, эканомиканы көтеруге болатынын баса айтты. Жауапты тұлғаларға бұл бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Басқарма басшысы облыстың электр энергиясын тұтыну көлеміне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, облыста қыс мезгілінде 460-490 МВт, жаз мезгілінде 330-350 МВт тұтынса, 58-60 пайыз сырттан тасымалданады. Қалған 40 пайызы облыстағы энергия көздерінен алынады.

Сондай-ақ, жиында 2007-2018 жылдар аралығында бюджет есебінен салынған қолданыстағы электр желілері мен трансформатордың қосалқы станцияларының жартысына жуығы тозығы жеткені де айтылып, ескертілген болатын.

– Құрылатын бірыңғай операторды «Таразтрансэнергия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын мекемесінің балансына беру бойынша шешім қабылданды. Ол желілер мен қосалқы станциялардың техникалық жағдайын жақсартуға, күтіп ұстауға оң әсер етеді. Сонымен қатар, техникалық қызмет көрсетуге бөлінетін қаржыны да оңтайландыруға ықпалын тигізеді. Айта кету керек, «Жамбыл Жарық Сауда-2030» ЖШС-нің хатына сәйкес, ағымдағы жылдың 8 қазанынан бастап тариф жеке тұлғалар үшін 3,67 пайыз, заңды тұлғалар үшін 2,77 пайызға төмендеген. Яғни, жеке тұлғалар бойынша тариф 14,95 (тг/ кВтсағ) теңгеден 14,4 теңгеге арзандады,- деген Нұрлан Жанұзақұлы бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.

Өңір басшысы тарифтерді төмендету, ол бойынша кешенді зерделеу жүргізу керектігін ескертіп, тарифті төмендету арқылы кәсіпкерлікті дамытуға, экономиканы көтеруге болатынын баса айтты. Елбасы Жолдауындағы коммуналдық қызметтер, табиғи монополияларды реттеу, тарифтерді қалыптастыру міндеттері де осы бағыттағы жұмыстарға негіз болатынын нұсқаған Асқар Исабекұлы бұл бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Сұхбат

PhotoRoom