Мәсімов Жолдауға қатысты пікір білдірді

Жаңалықтар
14.11.2014, 11:26

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

- Президент құрылымдық және әкiмшiлiк реформаларды жалғастыру мәселесiне назар аударды. Кез келген реформа оны өткiзiп жатқан адамдар дұрыс жұмыс жүргiзбесе, сәтсiздiкке ұшырайтыны құпия емес. Егер де әкiмшiлiк басқару жүйесi дұрыс құрылмайтын болса, ең үлгiлi реформаның өзi сәтсiз болуы мүмкiн. Осыған орай, биылғы жылдың ортасында Мемлекет басшысы үкiметтiң реформасын жүргiзу, орталық пен өңiрлер арасындағы қызметтердi айқындау жөнінде шешiм қабылдады. Елбасының Жолдауы жемiстi орындау мақсатында тиiстi заңнамалық өзгерiстер жүргiзiлмек.
Қазақстан экономикасын ынталандыру мақсатында қосымша қаржы бөлiнiп жатыр. Екiншi бағыт құрылымдық реформаларды жалғастыру болып табылады. Бұл жұмысты бiз халықаралық институттар, Бүкiләлемдiк банк, Еуропалық қайта құру және даму банкi, Азия банкi, Ислам банкiмен, ЭЫДҰ-мен бiрге жүргiзiп жатырмыз. Мұның барлығы Қазақстанға орта табыс тұзағына шалынбай, жеке инвестицияларды дамытуға қажеттi жағдайлар жасауға мүмкiндiк бередi деп ойлаймын.

Сұхбат

PhotoRoom