«Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қоры Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетімен бірлесіп. Петроавл қаласында «Мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері жөнінде» қоғамдық тыңдау өткізді.
«Азаматтық бейбітшілік және ұлтаралық келісім – біздің негізгі құндылығымыз. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт» - деген ел Президентінің сөзі әрбір азаматтың есінде тұруы тиіс. Ал бейбітшілік пен келісімді сақтау тілге байланысты екені анық. Осыған орай, мемлекеттік тілмен қатар ресми тілді де тең ұстау қажеттілігі туады.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясы қандай деңгейде екенін бақылау. Мектепте, ауруханада, мемлекеттік мекемелерде, тіпті отбасында тілдің қолданысы қаншалықты дамығанын білу, жергілікті зиялы қауымның өтініш-талаптарын тыңдау және ұсыныстарын алу, Солтүстік Қазақстан облысының Тілдерді дамыту басқармасының атқарған жұмыстары, жоспары туралы тыңдау, сараптау.
Бұл шарада негізгі баяндамашы ретінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Дидахмет Әшімханұлы сөз сөйледі. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстанда тұратын қоғам қайраткерлері мен жазушылардың, зиялы қауымның және қоғамдық ұйымдардың ой-пікірлері тыңдалды. Шараға танымал тұлғалар, құрметті қонақтар шақырылды.