ІТ-СЫНЫПТЫҢ ЖҰМЫСЫН КӨПШІЛІК ТАМАШАЛАДЫ

Жаңалықтар
19.11.2018, 15:30

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Шу ауданында «Нұр Отан» партиясының «Балаларға ақысыз ІТ-сынып ашу» бастамашыл жобасын іске асыру аясында, Шу аудандық партия филиалының қолдауымен және аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жібек жолы» мектеп-лицейінде ІТ-сыныптары ашылған болатын. Аталған жоба аясында алдағы үш жылда елімізде жұмыс беруші ІТ-компаниялар мен ірі жоғары оқу орындарының базасында 20 ІТ-орталық ашылып, жылына 35 мың адам білім алмақ. Бұл орталықтарда бүгінде әлемдік деңгейде сұранысқа ие цифрлау тәсілдері мен Java, Python, PHP, Swift сияқты бағдарламалау тілдері оқытылады.

ІТ-сыныпта 10 оқушы, 1 мұғалімге арналған барлық құрал-жабдықтары, оқу-құралдары және компьютерлермен қамтамыз етілген. Интернетке қосылған. Сонымен қатар, оқушылардың сабақ оқуымен және құрал-жабдықтармен жұмыс істеудегі ескертпе стендтері, робототехника және 3D модельдеу үстелдері құрал-жабдықтарымен орналасқан.

Сондай-ақ, ІТ-сыныпта 8 және 16 жас аралығындағы оқушылар 3 модульден тұратын оқу бағдарламасымен оқиды. 1-ші оқу модулінде бағдарламалауды игеріп шығады. Онда оқушылар «Скрейтч», «Питон», «Си++», «Жава», 2-ші оқу модулінде  «Лего» және «Арудинно» робототехниканы меңгереді. 3-ші оқу модулінде  «Аутодеск», «Скетч ап», «Солидоркс» бағдарламаларын 3D модельдеуді  меңгеріп шығатын болады.

Өз кезегінде, оқушылар бағдарлама жасау барысында міндетті түрде математика, информатика, физика және геометрия пәндерінің элементтерін пайдаланады.

Жақында аталмыш мектеп-лицейінде аудандық “Табысты менеджерлер шеберханасы” атты іс-шара болып өтті. Шараға аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Майра Базарова мен Шу қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Нұрғалиев және аудандағы білім ордаларының директорлары қатысты. Ал, қонақтар ең әуелі мектеп қабырғасында ұйымдастырылған ұстаздар мен оқушылардың көрмесін тамашалады.

Шара барысында Ардақ Төлепбайқызының 10 және 11 сынып оқушыларына арналған «Геоэкология және қоршаған орта» атты қолданбалы курстық бағдарламасының тұсаукесері болды.

Аталған еңбектің ауданның оқытушылары үшін де өте құнды екенін айта кетуіміз керек. Өйткені, бұл ұзақ жылғы тәжірибе мен білімнің арқасында нақты деректерге сүйене отырып жазылған еңбек.

Сұхбат

PhotoRoom