ЖАСТАР ПІКІР АЛМАСТЫ

Жаңалықтар
27.11.2018, 18:37

«Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 қазанындағы Жолдауында.

Еліміздің тірегі – жастар мәселесіне жете мән бергендігімен аса маңызды деп санаймыз. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат дүние. Жолдауда жоғары оқу орындарына мамандық алып шыққан жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрып, елімізге қызмет етуі мәселесі қоғамның даму тенденциясын анықтайтын фактор екендігіне зор мағына берілген.

«Жастар жылы» не атқарылуы тиіс? Қандай түйткілдерге басымдық берген абзал? «Жастар жылы» дегенді қалай түсінеміз, оның мақсаты не, не жасалуы керек?» осы және басқа да алуан-түрлі сұрақтарға жауап іздеп, терең зерттеу жүргізу мақсатында Достық үйінде жамбылдық жастар бас қосып,еркін пікір алмасты. Іс-шара алдымен облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисіне экскурсия жасап, жұмыстармен танысудан басталды. Экскурсия жасау арқылы жақында ғана жарияланған Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты сиясы кеппеген жаңа мақаланың мән-маңыздылығы түсіндірілді.

Елбасы 2019 жылды жастар жылы деп жариялай отырып, ел өрендерінің Қазақстанның болашағын әр салада қолдау қажеттігін айтқан болатын. Бұдан кейін жастар еркін диалогтік алаң құрып, ойларын ортаға салды. Яғни, келер жылды, мәнді де мағыналы етіп өткізу үшін түрлі шаралар мен жастардың шешілмей жатқан түйіткілді мәселері жөнінде сөз етілді. Соның ішінде, қазіргі таңда жұмыссыздық, тұрғын-үй сияқты өзекті мәселелерді қамтыды. Ортақ ой айтып, артылған сенімді ақтауға, берілген мүмкіндікті пайдалануға бірауыздан бар күштерін салатындықтарын жеткізді. Ұлы дала елінің өсуі мен өркендеу жолында аянбай еңбек етуге дайынбыз,- дейді жастар.

Жиында сөз алған «Жас Отан» жастар қанатының бөлімше басшысы:

-«Келесі 2019 жылды жастар жылы деп жариялануына байланысты «Жас Отан» жастар қанаты барлық жастар ұйымдарының басын біріктіріп, облыстық және республикалық ірі ауқымды шараларды өткізуге және келесі жылы жастардың арасындағы әлеуметтік мәселелерді, атап айтқанда тұрғын үй, жұмыссыздық т.б мәселелерді шешуге жұмыстарын бағыттайтын болады», - дейді Бақытжан Құтжан.

 

Сұхбат

PhotoRoom