БІЛІКТІЛІК ҮШ ТІЛДЕ

Жаңалықтар
27.11.2018, 18:57

Елбасы Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс» деген еді.

Осыған орай, шаһардағы мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына 3 тілде білім беру әдісі енгізіліп, оқытылып келеді. Бұл ретте мұғалімдердің білімін жетілдіру мақсатында «USTAZ» кәсіби оқу орталығы даярлайды. Мұнда білікті, тәжірибелі менторлар педагогтарға дәріс оқып, тәжірибелерімен бөліседі. Менторлардың жұмысы тәлімгерлер мен мұғалімдерді дамытуға арналған. Олардың кәсіби құзыреттілігін көрсету арқылы жан-жақты әдістемелік көмек көрсетеді.

Білімін жетілдіруші, физика пәнінің мұғалімі:

-«Менторлар бізге физиканы үш тілде оқуда үлкен көмегін тигізеді. Сондай-ақ, биология, химия, физика, информатика пәндерінің оқытушылары үш тілде оқушыларды оқытудан бұрын өздерінің біліктілігін арттыру курсынан өткен», - дейді Данияр Нұрақынов.

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы жаңартылған мазмұнды іске асыратын мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдаудың бірден бір бағыты болып табылады.

Қаладағы № 43 орта мектептің директоры, Эльмира Өмірбекова:

-«Білім беру орталығы мамандарының арқасында біздің мектептің оқушылары үш тілде физика, информатика, химия және биология пәндерін меңгеруде. Бұл біздің болашағымыздың кепілі. Жастар күнделікті негізгі пәндерден ағылшын, орыс және қазақ тілдерін меңгергеннен кейін олар халықаралық деңгейде біршама жетістікке қол жеткізе алады».

Ал, жоғары сынып оқушылары өз кезегінде жаратылыстану ғылыми бағыты бойынша оқиды. Бұл өздері үшін үлкен септігін тигізеді дейді.

-«Қазіргі таңда біздің мектепте Елбасының «Рухани жаңғыру» үш тұғырлы тіл жобасы негізінде физика пәні ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде оқытылып жатыр. Бұл біздің болашағымыздың жарқын болуының кепілі», - дейді оқушы Ангелина Зикеева.

Курсты аяқтағаннан кейін мұғалімдер алған дәрісін  практикалық тұрғыда қолданады. Ал менторлар сабаққа дайындық кезінде барлық қажетті көмек көрсетуді жалғастырады.

 

Сұхбат

PhotoRoom