ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНДЕ ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР

Жаңалықтар
30.11.2018, 16:40

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауында медициналық қызметтің сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып табылатыны және ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі басым бағыттардың бірі ретінде белгіленді.

Бүгін  Жамбыл облысында  ҚР Тұңғыш Президенті мерекесіне орай әлеуметтік нысандар ашылуда, солардың қатарында Мойынқұм ауданының ең шалғай ауылы болып саналатын  Ұланбел ауылы мен Шу ауданына қарасты Тасөткел ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пунктердің салтанатты ашылуы өтті.

Бүгінде аудан орталығы Мойынқұм ауылынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан Ұланбел ауылында 1200 ден астам халық тұрады.  Бүгінгі күнге дейін елді мекен тұрғындары дертіне шипа іздеп орталыққа келіп кететін.

Елбасының биылғы Жолдауында ауыл халқы үшін медициналық көмектің қолжетімділігі басым бағыт ретінде көрсетілген болатын. Осы мақсатта ашылған Амбулаториялық пункттің құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталып, «Қаратау құрылыс» ЖШС құрылысшылары жүргізген, жоба құны 77,7 млн. теңгені құрайды.

Халықты сапалы және қолжетімді алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен қамтамасыз ету үшін Шу ауданы, Тасөткел ауылында фельдшерлік-акушерлік пункті қолданысқа берілді. Енді 1000-нан аса тұрғыны бар тасөткелдіктер үшін науқастарды қабылдау және көмек көрсету, ауруларды ерте анықтау, уақытылы амбулаториялық тексерулер және ем жүргізуге толықтай мүмкіндігі бар. Мекеме мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылған.

Шара барысында жұмысты уақытында, әрі сапалы аяқтаған тараздық «Жанайым Құрылыс» ЖШС-не ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын жеткізді. Небәрі 8 айдың ішінде халық игілігіне берілген ғимарат бір мезгілде  10  адамды қабылдай алады.

Медицина мекемесі қатты отынмен жылытылады және электроэнергияға қосылған. Фельдшерлік-акушерлік пунктте дәрігер бөлмесі, акушер-гинеколог дәрігер бөлмесі, егу бөлмесі, ем қабылдау бөлмесі және қадағалау бөлмесі орналасқан. Мұнда әзірге 4 маман – фельдшер, акушер және мейірбике мен бір маман қызмет етеді.

Ал,  шалғайдағы Шоқпар ауылында лентасы қиылған медициналық мекеме заманауи құрылғылармен  жабдықталған. Мұнда 5 адамға арналған күндізгі ем қабылдау бөлмесімен қатар, аға дәрігерге, балаларға арналған арнайы бөлмелер мен зертхана және химидатор бөлмелері қатар орналасқан.

Сұхбат

PhotoRoom