«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

Жаңалықтар
30.11.2018, 22:45

«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы Елбасының  «Жаңа онжылдық- Жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»  атты Жолдауы негізінде әзірленген. Бағдарламаның негізгі мақсаты- экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты өсуін қамтамасыз ету. Жұмыссыздар санын азайту. Жұмыссыз халыққа төмен пайызбен несие беріп, өз кәсібін ашуға көмектесу.

Бүгін партия облыстық филиалында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының облыста жүзеге асырылу барысы туралы партиялық тыңдау өтті. Ағымдағы жылы 31 қазанда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың бұйрығымен «Көпшілік алдындағы партиялық тыңдауларды орталық және аймақтық деңгейде өткізу кестесі» бекітілген болатын. Жалпы бүгінгі күнге дейін өткізілген партиялық тыңдауларда білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік қызмет көрсету, жұмыспен қамту, индустриалды даму бағыттары бойынша бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың облыста жүзеге асырылу барысын жан-жақты қарап, талқылап, тыңдау қорытындысы бойынша бірқатар құзырлы органдарға тиісті ұсыныстар берілген болатын.

Жиында жоғарыда айтылған бағдарламаның облыста жүзеге асырылу барысы туралы мәселе қаралды. Арнайы құрылған жұмысшы топ Талас пен Меркі аудандарында болып, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылу жұмыстарына зерделеу жүргізген болатын. Зерделеу нәтижелерімен облыстық мәслихаттың депутаты Абылай Сансызбай таныстырды. Бағдарламаны іске асыру бойынша облыста бірқатар жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді. Дегенмен, кемшіліктер де жоқ емес. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Талас және Меркі ауданы әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары баяндама жасады. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және дамыту мәселесі үлкен жауапкершілікті талап етеді, бұл – Елбасы, партия Төрағасының тікелей тапсырмасы. Нәтижесінде, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының облыста жүзеге асырылу барысы, жалпы кәсіпкерлер тарапынан жасалып жатқан жұмыстар, сондай-ақ осы салаға қатысты бірқатар мәселелер анықталып, олар бойынша тиісті ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Жиында бірқатар аудандардың басшылары мемлекеттік  бағдарламалардың орындалуын баяндады.

 

Сұхбат

PhotoRoom