«ЖАҢА ТОЛҚЫН 100+» ФОРУМЫ ӨТТІ

Жаңалықтар
19.11.2018, 14:22

«Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 қазанындағы Жолдауында. Осыған орай Меркі ауданында Қазақстан мен Қырғызстанның белсенді жастарының қатысуымен «Жаңа толқын 100+» атты Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен ауыл жастары және  И.Арабаев атындағы КМУ-нің онға жуық аспиранттары бас қосты.

Форум қырғыз елінен келген жастарды Сыпатай батыр кеденінен  күтіп алудан басталды. «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» жобасына сәйкес қырғыз елінен келген қонақтарды Сыпатай батыр кесенесіне алып барып, батырдың өмірі мен ерліктерінен сыр шертісті. Ары қарай  қонақтар Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейін аралады. Меркі жерімен танысуға арналған экскурсияның соңы Ботпай бабаның кесенесіне барып, өмірі  және кесене келбетінің ерекшеліктерімен танысумен аяқталды.Экскурсиядан кейін Меркі жерінде орналасқан «Ақ ниет» шипажайында Қырғызстанның белсенді жастарының қатысуымен «Жаңа толқын 100+» атты ауыл жастарының форумының ашылу салтанаты болды.  Шараның ашылуы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас маманы Ұлтуар Бабақұлова, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева және И.Арабаев атындағы КМУ аспиранты Азамат Айдаровтың алғы сөзімен басталып, концерттік бағдарламамен жалғасты.

Форумның бірінші күні «Танысу кеші» айдарымен және әр ұлттың билерінен жарыс ұйымдастырумен аяқталды.

«Жаңа толқын 100+»  форумының екінші күні Ғылыми сараптамалық бөлімнің ұйымдастыруымен «Қоғам бірігуіндегі тіларалық байланыс рөлі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Тренинг қонақтар мен жастардың белсендіктерін оятып, ойларын жеткізуге деген сенімділіктерін арттырды. Ал, медиация тақырыбы бойынша  жастарды  дау-жанжалдың алдын алуға арналған келісім туралы Меркі ауданының медиаторы Шынар Хамирова лекция оқыды. Ары қарай қырғыз елінің белсенді жастарына жетекшілік етіп келген Азамат Айдаров сөз сөйледі. Ол еліміздегі жастардың белсенділігін арттыруда әр сала бойынша жасалып жатқан жұмыстардың сапалылығын және медиациямен жұмыс істеудің  кереметтігін, өздерінің осында келіп тәжірибе алмасқандарына разы екенін тілге тиек етті.  Форумның екінші күнінің соңы ұлттық құндылықты қайта жаңғырту «Қазақтану» жобасы бойынша  қазақ халқының «Табақ тарту» рәсімі көрсетіліп, дәстүрлі әндер дәріптелді.

Форумның соңғы үшінші күні Біржан Уксикбаев, Рахат Ерханұлы, Азамат Назаровтың ұйымдастыруымен спорттық ойындардан турнир өткізілді. Жастар мұнда бильярд пен теннис бәсекелесті. Турнирден кейін форумның жабылу салтанаты өтті. Келген қонақтар мен облысымыздың белсенді жастарына марапаттау қағаздары мен естелік сыйлықтар табысталды. Қырғызстанның белсенді жастарының қатысуымен өткен «Жаңа толқын 100+» ауыл жастарының форумы флешмобпен аяқталды.

 

Сұхбат

PhotoRoom