"Аманаттың" жиыны өтеді

Жаңалықтар
26.11.2014, 18:00

 

Ертең яғни, 27-қараша күні қоғамдық мәселелерді зиялы қауым өкілдері мен белгілі сарапшылардың қатысуымен талқылауды дәстүрге айналдырған «Аманат» интеллектуалды пікір сайыс клубының кезекті отырысы өтеді.

Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бағыт» атты Жолдауында айтылған мәселелердің өзектілігі жайлы баяндамалар жасалып, жарыссөздер болады. Клуб отырысына Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин бастаған сарапшы ғалымдары, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли, «Азаматтық Альянс» жетекшісі Нұрлан Ерімбетов социология ғылымдарының докторы Айгүл Садуақасова және Қазақстан 2050 жалпы ұлттық қозғалысы, Қазақстан Жастар конгресінің жетекшілері т.б. мамандар қатысып, ойларын ортаға салады.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері айтулы оқиғаның ақпараттық саясатына қатысты ойларын ортаға салады. Қатысамын деушілерге есік ашық.

Уақыты: 27-қараша. Сағат – 11-00де.

Өтетін орны: Астана қ., Тәуелсіздік к., 57, Бейбітшілік және келісім сарайы, 2 қабат, Халықаралық Түркі академиясының кітапханасы

 

Сұхбат

PhotoRoom