Облыста Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында “7-20-25” мемлекеттік бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бүгін ҚР Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалында филиал директоры Евгений Шарыгинның қатысуымен баспасөз конференциясы болып өтті. Директордың мәліметінше, үстіміздегі жылдың 7 желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша екінші деңгейдегі банктер бағдарлама шеңберінде 400 млн. теңге мөлшерінде 42 өтінім мақұлданып, 300 млн. теңге мөлшерінде 34 несие берілген.
Бүгінгі таңда түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында Тараз қаласында Тараз ӘКК ғимаратының 1 қабатында «7-20-25» бағдарламасы бойынша ақпараттық орталығы ашылған. Онда екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) бағдарлама шеңберінде тұрғын үй алу бойынша кеңес алуға болады. Сонымен қатар, орталықта «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Арай ықшамауданында тұрғызылған үйлерді өткізуді төмендегі рет бойынша ұсынатын қалалық Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) өкілдері де орын тепкен.
Бағдарлама бойынша пайдалануға жаңадан салынған үйлерге ғана рұқсат беріледі. Сатып алуға болатын үйдің барынша жоғары сомасы: 25 млн. теңге – Астана, Алматы, Актау, Атырау қалалары үшін, 15 млн. теңге – басқа өңірлер үшін. Бағдарлама ҚР азаматтары үшін ғана қарыз алуды және тек Қазақстан Республикасы аумағында ғана тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін қарастырады.
Тұрғын үйді сатып алушылар келесі сатылар бойынша жүзеге асады:
Бұдан әрі ЕДБ ТКШ жолдаманы берген күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде әлеуетті клиенттің төлем қабілеттігін тексереді (кредиттік комитет). Егер белгіленген мерзімде қарастырмауына объективті себептер болған жағдайда, ЕДБ ТКШ өтінішін қарастыруды қосымша күнтізбелік 15 күнге созуды қажет ететін әлеуетті қарыз алушылардың тізімімен қоса хат жолдайды.
Егер ТКШ жолдамасын алған сатып алушы ЕДБ жүгінбесе және төлем қабілеттігі процедурасынан өткенін растамаса, онда ол пәтер үшін ТКШ тізімінен автоматты түрде шығарылады, ал оның орнын ТКШ резервтік құрамынан алынған келесі әлеуетті сатып алушы алады.
Осы күнге дейін Арай ықшамауданында сатылуға ұсынылған 100 пәтердің ішінен пәтер алуға ниет білдірген қатысушылардың саны шамамен 53 үміткер немесе 50% жоғарысын құрап отыр.
Айта кетсек, басқа облыстармен салыстырғанда Жамбыл облысы мақұлданған және қайта қаржыландырылған өтінімдер саны бойынша республикада Алматы және Шымкент қалаларынан кейін 3 орынды алады.