«МИНИСТРЛІК КҮНІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Жаңалықтар
22.10.2018, 10:47

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары еліміздің уақыт талабына сай дамуына, заман сұранысына лайықты жауап беретін ауқымды шараларды жүзеге асыруға оң ықпалын тигізіп келеді. Аталмыш бағдарлама аясында жоспарда көрсетілген жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырыла бастады. Бұл жұмысты сапалы түрде жүзеге асыру үшін соңғы үш жыл бойы министрлік пен жергілікті жерлерде қажетті дайындық жұмыстары жүргізілді. Жаңа жүйенің елдімекендерде іске асу барысы қандай? Осы мәселені өз көзімен көріп, саралауға келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы Айнұр Әбдірахманова жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмекті халық арасында кеңінен тарату мақсатында келгендерін жеткізіп, әлеуметтік саладағы болып жатқан өзгерістерді түсіндіріп берді.

Атаулы әлеуметтік көмек - аз қамтылған отбасыларына тағайындалады. Оның шартты және шартсыз деп аталатын екі түрге бөлінеді. Шартты түрінде  ақшалай көмекпен қоса, жұмыспен қамтамасыз етілсе,  жанұя құрамы еңбекке жарамсыз болған жағдайда шартсыз түрі ұсынылады. Жаңа жүйеге қатысты енгізілген өзгертулер мен толықтырулар  «Министрлік күні» акциясында кеңінен тарқатылды.

-«Акция аясында елдімекендерді аралап, насихаттау жұмыстарының кеңінен таралғанын көріп жатырмыз. Өзіміз де үй-үйді аралап, халыққа жеке-жеке түсіндіріп, аз қамтылған отбасыларына осындай  көмектің бар екендігін, ондай көмекке мұқтаж, өмірлік қиын жағдайлар туындаған болса, оны дұрыс насихаттаттап жеткізу мақсатында түсіндіріп жатырмыз. Егерде жүгінуші ауылдық елдімекендерде тұрса, жәрдемақы алу үшін ауылдық округіне жүгінгені дұрыс. Ал егерде тұрақты жері аудандық елдімекендерде болса, онда оларға жұмыспен қамту орталығына құжат тапсырғаны дұрыс болады»,- деді Айнұр Әбдірахманова.  

Байзақ ауданына ат басын бұрған жұмыс тобы алдымен өңір тұрғындарымен кездесіп, жұмыспен қамту орталығының мамандарымен қажетті ақпараттарымен  бөлісті.

Арғынбай Сқақов, Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры:

-«Жалпы республикадан 162 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 64 млн. теңге, барлығы 226 млн. теңге қаржы бөлінген болса, бүгінгі күні соның 115 млн. теңгесін игердік. Қалған 111 млн. теңгенің құжаттары дайын тұр.  Халық күнкөріс деңгейі жоғары өскен сайын өздеріне шығатын жәрдемақының көп болатынын біліп құжаттарын тапсыруда. Жалпы бүгінгі күні аудан бойынша 980 отбасы атаулы жәрдемақы алуға тартылып, оның ішінде 5 570 адамға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек берілді».

Сұрақ-жауап форматында өрбіген шарада министрлік өкілдері нақты әрі тұщымды жауаптарын берсе, атаулы әлеуметтік көмек алатын аудан тұрғындары мемлекет қамқорлығына ризашылықтарын білдірді.

 

Сұхбат

PhotoRoom