Елбасы тапсырмасымен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы іске қосылды. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде аталмыш бағдарлама бойынша табысты жұмыс жүргізіліп келеді.
Президентіміз Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті жолдауында «Экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату мақсатымен батыл шаралар қабылдау керек» деген болатын.
Жамбыл облысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында электр энергетикасы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына цифрлық технологияларды енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Шын мәнінде, инфрақұрылым мен тұрғын үй кешенінің барлық саласы бір терезе қағидаты бойынша құрылады.
Баршаға белгілі, отандық коммуналдық қызметтерді модернизациялау және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту міндеті «Аймақтарды 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы» арқылы іске асырылады. Соның нәтижесінде, көптеген үрдістер автоматты режимге ауыстырылады,. Бұл бірінші кезекте тұрғындар мен коммуналдық қызметкерлері үшін тиімді. Сонымен қатар, тұрғын үй секторы әлдеқайда ашық, қарапайым және тиімдірек болады. Жүйенің пайдаланушылары, ең алдымен, өздерінің үйі мен пәтері туралы ақпаратқа қол жеткізе отырып, мемлекеттік қызметтердің нақты тұтынылуын бақылай алады. Тұрғындар үшін желіде шағымдар мен ұсыныстар жасауға да мүмкіндік туады.
Бұл жүйенің мақсаты – елімізге экожүйені енгізе отырып, барлық ақпараттық ресурстар мен жүйелерді жинау. Нәтижесінде, тұрғындар үшін коммуналдық қызметтің жұмысында ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, яғни олар өздерінің шығындарын, қарыздарын көре алады. Арыз-шағымдарын жіберуіне болады. Ал мемлекет коммуналдық қызметтің жұмысын қадағалап, шағымдар мен өтінімдерді қарай алады. Сондай-ақ, монополиялық субьектілердің жұмысын жеделдетеді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай интеллектуалды ақпараттық жүйесі енгізілгенде тұтынушылар нақты тұтынылған ресурстарға ғана төлем жасайды. Бұл өз кезегінде, басқару компанияларының, мемлекеттік органдардың және коммуналдық қызметтердің жұмысын жеңілдетіп, халыққа бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсететін болады.