Президенттің бір апталық жұмыс кестесі

Жаңалықтар
09.12.2014, 13:50

Ертең Ақордада бірқатар шетел мемлекеттерінің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтеді.

Мемлекет басшысы 11 желтоқсанда ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдайды.

14 желтоқсанға ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен және РФ Премьер-Министрі Дмитрий Медведевпен кездесулер жоспарланған.

15 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ға мүше елдердің үкімет басшыларымен кездеседі.

Сондай-ақ осы күні Қазақстан Президенті Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шаралар аясында ел азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсырады және салтанатты жиынға қатысады.

Сұхбат

PhotoRoom