Нұр-Сұлтанда «Ұлы Дала» IV гуманитарлық ғылымдар Форумы өтпек

Жаңалықтар
19.06.2019, 09:37
Нұр-Сұлтанда «Ұлы Дала» IV гуманитарлық ғылымдар Форумы өтпек

Халықаралық Түркі Академиясы 2019 жылғы 24 маусым күні Нұр-Сұлтанда «Ұлы Дала» IV гуманитарлық ғылымдар Форумын өткізуді жоспарлауда. Халықаралық Форумның мақсаты – Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында айтылған ұсыныстар мен тапсырмалар негізінде Түркі әлемінің генезисі мен Ұлы дала өркениетінің әлемдік мәдениетке қосқан үлесін ғылыми тұрғыдан анықтау, қазіргі түркітану үшін жаңа көзқарастар мен әдіс тәсілдер қалыптастыруға ықпал ету, Еуразиядағы интеграциялық үрдістердің бастамашысы Н. Назарбаевтың және Қазақстанның әлеміндегі жетекшілік рөлін арттыра түсу.

Өтетін уақыты: 24 маусым 2019 жыл, сағат 09:30 да                                       

Өтетін жері: «St. Regis Astana» қонақ үйі,

                         «Тұлпар» залы, Қабанбай батыр даңғылы 1,

                          Нұр-Сұлтан қаласы

 

Сұхбат

PhotoRoom