Мемлкекеттік сыйлық иегерлері анықталды

Жаңалықтар
09.12.2014, 17:48

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. 

***

Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ETEMІH:

1. Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы мыналарға берілсін:

1) Қажығали Мұханбетқалиұлына, жазушы - «Тар кезең» тарихи романы үшін;

2) Гүлнар Сейітжанқызы Салықбаеваға, ақын - «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін;

3) Пантелей Константинович Кесоглуге, әнші - «Песня - душа моя» жеке концерті үшін;

4) Балнұр Балғабекқызы Қыдырбекке, композитор - «Реквием» вокалды-симфониялық шығармасы үшін;

5) авторлар ұжымына: Асқар Исабекұлы Мырзахметовке, Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаевқа, Насир Ачилович Рустамовқа, Әмірхан Бекжанұлы Шүменовке, Нұрлыжан Маратбекұлы Бөкебаевқа - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені үшін.

2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Президенті                                                                                                               Н.Назарбаев

Сұхбат

PhotoRoom