ҚХР Мемкеңесінің Премьері Ли Кэцян Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келеді.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ли Кэцянды қабылдайды. Қытайлық қонақ екі елдің үкімет басшыларының 2-ші тұрақты кездесуіне және бизнес-қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен өтетін іскерлік кеңес отырысына қатысады.
Оның Астанаға келген жұмыс сапарының негізгі мақсаттарының бірі ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының 13-ші отырысына (15-16 желтоқсан) қатысуы.
Қазақстаннан кейін ҚХР Мемкеңесінің Премьері Ли Кэцян Сербияға (Қытай лидерлері мен Орталық және Шығыс еуропа елдері басшыларының 3-кездесуі) және Таиландқа ( Үлкен Меконг субаймағындағы экономикалық ынтымақтастық аясында жетекшілердің 5-ші саммиті) аттанады. Онда ол желтоқсанның 20-на дейін болады.