Назарбаев Мәскеуге барады

Жаңалықтар
18.12.2014, 10:58

Мәскеуде 23 желтоқсанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы және Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді.

РФ Президентінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан Президенттері ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің одақтық өзара іс-әрекетін нығайту және өңірлік өзекті мәселелерді талқылайды.

Сессия барысында Ұйымға төрағалық ету Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына ауысады.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына мемлекет басшылары (Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения мен Қырғызстан Президенттерінің қатысуымен) деңгейінде 2015 жылғы 1 қаңтардан басталатын Еуразиялық экономикалық одақ пен оның органдары жұмыстарының  практикалық аспектілеріне қатысты бірқатар шешімдер қабылдайтын болады.

Кездесу қорытындысы бойынша Президенттер баспасөз мәслихатын өткізеді.

Сұхбат

PhotoRoom