Депутаттар Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтатты

Жаңалықтар
18.12.2014, 11:52

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Аталған шартқа еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекет басшылары ағымдағы жылдың 10 қазанында Минск қаласында қол қойған болатын

Құжат бойынша баяндама жасаған ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ құрған кезден бастап аталған қоғамдастықты тарату туралы келіскенін атап өтті. «Оның себептері біріншіден, ЕурАзЭҚ өзінің тарихи міндетін орындады. Оның шеңберінде Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңестік құрылып, Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастағалы отыр. Екіншіден, бір кеңістікте бір-бірінің функцияларын қайталайтын екі ұқсас ұйымның болуы қажет емес. Шартта 2015 жылғы 2015 жылдың 1қаңтарында қоғамдастықтың және оның органдарының, соның ішінде Интеграциялық комитет хатшылығының, Парламенттік Ассамблеяның және ЕурАзЭҚ сотының қызметін тоқтату қарастырылған», - деді Сіртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Министрдің айтуынша, шартта ЕурАзЭҚ таратылған соң күші жойылатын немесе сақталатын халықаралық шарттардың тізбелері де бірілген. Атап айтқанда, барлығы 150 халықаралық шарттар болса, оның ішінде 60 шарттың күші жойылып, 90-ы сақталады.

Ал қосымша баяндама жасаған депутат Виктор Рогалев ЕурАзЭҚ қызметін тоқтату тарихи заңдылық екенін, өйткені интеграция процесі орнында тұрмайтынын, 2015 жылдан бастап, ЕАЭО жұмысқа кірісетінін атап өтті.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.

Сұхбат

PhotoRoom