А. Мұхамедиұлы елді неге үрейлендіріп жүр?

Жаңалықтар
22.12.2014, 11:39

Жамбыл облысы активімен кездесуінде республикалық ақпараттық топтың басшысы ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының әлемде қалыптасқан экономикалық-саяси жағдай кезіндегі өзектілігі туралы айтты, деп хабарлады Қазақпарат.

Сондай-ақ ол Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы мен Ұлы депрессия кезінде АҚШ Президенті Франклин Рузвельттің жүргізген саяси бағдарымен ұқсас екендігіне тоқталыпты. Америкадағы Ұлы депрессияны халыққа қаншалықты қиын тигенін тарихтан жақсы білеміз. Ал, қоғам "Нұрлы жолды" "Ескі жолдың", "Қасқа жолдың" заңды жалғасы деп қабылдады.

Кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Ресейдегі қаржылық тұрақсыздықтың бізге тікелей қатысы жоқ екенін айтып, дағдарысқа жол берілмейтінін мәлімдеді. Ол үшін арнайы қор бар екені халықтың алаңдаушылығын басты. Ресей президенті Владимир Путиннің өзі елінде боп жатқан экономикалық ауытқушылықтарды депрессия деп айтпады. Көрші елде тіпті ірі компания басшыларының өзіне өзі қол жұмсап жатса да...

Мемлекет басшысы Жолдауымен халықты сабырға түсірсе, оны түсіндіруге аттанған Мұхамедиұлы ел тұрғындарын неге үрейлендіріп жүр?

 

Сұхбат

PhotoRoom