Көшербаев вице-министр болып тағайындалды

Жаңалықтар
23.12.2014, 12:31

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде жаңа вице-министр болып Ермек Беделбайұлы Көшербаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметінен.

Ермек Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих мамандығын және КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын бітірген.

Әр жылдарда Қазақ КСР СІМ, ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Үкіметінде, ҚР СІМ, «Нұр Отан» ХДП, «ҚазМұнайГаз» АҚ-да түрлі қызметтерді атқарған. Сондай-ақ «Ертіс» ӘКК» ҰК басқарма төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерінде болды.

Сұхбат

PhotoRoom