ШЫМКЕНТТЕ «ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА «ADAL KÓMEK» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

Рейтинг
27.02.2020, 13:53

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен «Еріктілер жылы» аясында «ADAL KÓMEK» ЖОБАСЫ іске қосылды.

Аталған жобаның мақсаты - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Еріктілер ретінде Департамент қызметкерлері, тәжірибелі заңгерлер, қоғам белсенділері тұрғындарға өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша тұрақты түрде тегін кеңес береді.

Айта кетейік, кеңестер Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті ғимаратында (Қазыбек би көшесі,3) апта сайын сенбі күні сағат 11-00-ден 13-00-ге дейін берілетін болады.

Сұхбат

PhotoRoom