Еліміз трансформациялануда: тұрақты даму кабинеттегі саясат шеңберінен шығып, шеткері аудандарға ене бастады. Тек шикізатпен байланысты елімізде бизнес, қоғам және билік бірігіп БҰҰ-ның жаһандық мақсаттарын жүзеге асыру моделіне өтуде. Нью‑Йоркте Үшінші ерікті ұлттық шолуды ұсынған Қазақстан Тұрақты даму мақсаттарын орындау жағдайын көрсетті. Құжатта оң мысалдардың бірі ретінде Катон‑Қарағай ауданындағы кәсіпкерлердің қызметі белгіленген.
2022 жылдан бастап Тұрақты Даму Мақсаттары (ТДМ) 2029 жылғы Ұлттық даму жоспарына және 2060 жылғы көміртексіздік стратегиясына енгізілді. 2023 жылы парламентте ТДМ-ды мониторингтеу бойынша комиссия құрылды. Ерекше назар – локализацияға, яғни жаһандық міндеттерді өңірлер деңгейінде іске асыруға негізделеді. Қазақстан халық арасында жүргізілген сауалнамаларға негізделген БҰҰ-ның қосымша бес басым мақсатына тағы үш мақсатты қосты.
Экономикада негізгі рөл шағын және орта бизнеске тиесілі: бүгінде олар ЖІӨ-нің шамамен 40%-ын қалыптастырады, ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 28% болған. Жеке сектордың ТДМ-ді ілгерілетудегі үлесі артуда – үш жыл ішінде UN Global Compact қатысушыларының саны 8-ден 88 компанияға өсті. «Әлеуметтік кәсіпкерлік» туралы заңның қабылдануы нәтижесінде екі жылда әлеуметтік кәсіпорындар саны 130-дан 803-ке дейін өсті.
Дегенмен, Тұрақты Даму Мақсаттарын ілгерілету шағын және орта бизнес тарапынан ғана емес, мемлекеттік, бизнес және азаматтық институттардың жүйелі үйлестіруін қажет етеді. Жақсы жаңалық: алғашқы бастамалар пайда мен қоғам игілігі үйлесе алатынын көрсетті – инь мен янь секілді, әлеуметтік және бизнес іс‑шаралар жаңа модельде біртұтас жұмыс істей алады.
Алғашқы бастамалардың бірі – AITAS Холдингі. Бұл туралы Үшінші ұлттық ерікті шолуда (VNR) тікелей атап көрсетілген: «Aitas Holding is a pioneer in localizing the SDGs in rural regions of Kazakhstan».
Құжатта бизнес, билік және қоғам арасындағы серіктестік моделі ерекше көрсетілген, онда Aitas Foundation – Холдингтің әлеуметтік миссиясын жүзеге асыратын құрылым – үш бағытты біріктіреді:
Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры – экономика, экология және әлеуметтік орта салаларында болашақ бейнесін қалыптастырады.
Білім беруді тұрақты дамыту қоры – ауыл және қала мектептері арасындағы алшақтықты жояды.
Connected Space халықаралық конференциясы – мәдениет, технологиялар мен құндылықтардың диалогы арқылы әлемдік көзқарасты қалыптастырады.
Бұл үш бағыт жергілікті шешімдерді жаһандық перспективамен үйлестіретін жаңа тұрақты даму моделін қалыптастырады.
Бұлардың ішінде, күнделікті өмірде ең қолжетімдісі – бұл ТДМ‑ның 3‑ші мақсаты – «Денсаулық пен әл‑ауқат». Қазақстанда денсаулық сақтау ұзақ уақыт екіұдай күй кешті: қалалардағы заманауи ауруханалар мен ауылдардағы медициналық пункттердегі жеткіліксіз адам ресурсы. Ұлттық шолуда айтылғандай, соңғы жылдары, жаңа модель қалыптасады: базалық инфрақұрылымды министрлік қамтамасыз етсе, ал жергілікті жетістіктерді коммерциялық емес ұйымдар, бизнес және өңірлік қорлар толықтырады.
Үшінші ерікті ұлттық шолудағы (VNR) ең нәтижелі серіктестік үлгісі – Aitas Foundation. 2021–2023 жылдары биоматериал қабылдау пункттерін ашу үшін қор ауыл кәсіпкерлеріне 1,5‑тен 3 миллион теңгеге дейін медициналық гранттар берген. Қордың серіктестері – КДЛ Olymp және INVIVO – гранттық бағдарлама қатысушыларына паушалдық төлемдерді алып тастап, кәсіпкерлерді оқытты. Нәтижесінде, үш жыл ішінде 9 өңірде 20 пункт ашылып, бұған дейін базалық диагностикаға қолы жетпеген 20 аудан қамтылды. Енді тұрғындар сараптама тапсырып, нәтижені онлайн форматта алу мүмкіндігіне ие. Бұрын аптаға созылатын, облыс орталығына баруды қажет ететін диагностика бірнеше сағатқа қысқартылды. Жоба 40-тан астам медбике мен лаборантқа жұмыс орынын сыйлады.
Кейс синергия үлгісі: қор бастапқы қаржыландыруды берсе, бизнес тәжірибесін бөлісті, ал жергілікті кәсіпкерлер жобаны жүзеге асырды – нақ әрекеттер гармониясы тұрақты шешімдер жасауға мүмкіндік береді.
Стратегиялық жоспарлау білім беру саласындағы өзге бастамалардың да негізінде жатыр (ТДМ‑ның 4‑ші мақсаты). Қазақстанда ауыл мен қала арасындағы білім сапасындағы алшақтық әлі бар. PISA зерттеулері біртіндеп жақсаруды көрсетті, бірақ жүйелі теңсіздік сақталуда. Aitas Foundation іріктелген мектептер жүйесін құру стратегиясын әзірлеп, оны азайту мақсатында ауқымды республикалық жоба бастады.
Стратегия аясында білім беру инфрақұрылымын жаңарту және мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру үшін 50 миллиард теңгеден астам жеке инвестиция тартылып, республикалық білім беру жобалары іске қосылды.
Бес жылда 17 аймақтағы 190-нан астам ауыл мектебі білім беру бағдарламаларына тартылды. 170 мыңнан астам оқушы мен 17 мың педагог қамтылды; сынып кабинеттері жаңартылды, сапаны арттырудың жаңа тәсілдері мен құралдары енгізілді.
Бизнес және мемлекеттің бірлескен күш-жігерінің арқасында қоғамда жобалардың тұрақтылығы қамтамасыз етілді. «Қазақстан халқына» қоры, Білім беру министрлігі және Назарбаев Зияткерлік мектептерімен серіктестік білім беру стратегиясын бүкіл ел бойынша кеңейтуге мүмкіндік берді.
Ал алты жыл ішінде қор жобалары шалғай ауылдар мен аудандық орталықтардағы 350‑ден астам мектепке жетті. Білікті кадрлардың жетіспеушілігін, заманауи білім беру платформасына шектеулі қол жетімділікті және халықаралық адам капиталы дамыту бағдарламаларымен байланыс болмауын жоюға мүмкіндік берді.
Денсаулық сақтау саласы ауылда өмір сүруді қолайлы етіп жатса, туризм табыс табуға мүмкіндік береді. Туризм Ұлттық даму жоспарына приоритетті сектор ретінде енгізілді: 2023 жылы туризмнің экономикаға қосқан үлесі 1,184 триллион теңгеге жетті – бұл 2020 жылмен салыстырғанда үш есе көбірек. ТДМ‑ның 8‑ші – «Қайырымды жұмыс және экономикалық өсу» мақсаты аясында туризм ауылдық аудандарды дамыту үшін маңызды механизмге айналып отыр.
Келесі негізгі кейстердің бірі – Катон‑Қарағай ауданы. WWF-тің әлемдегі 200 приоритетті экорегион тізіміне енген бұл аудан кәсіпкерлері 2019 жылы «Катон‑Қарағай ауданын тұрақты дамыту қорын» құрды. Қор 987 миллион теңгеге 100-ден астам жоба жүзеге асырды. Үйлерді қонақүй ретінде қайта жабдықтау үшін микрогранттар, Қонақжайлық мектебі және басқа локалдық бастамаларды іске асырды. 65 демалыс орын құрылып, Берел ауылындағы бір отбасы маусым ішінде шамамен 1 миллион теңге табыс тапты.
Жоба 2024 жылы Берлиндегі Green Destinations Top100 Story Awards рейтингінде 3‑орын иеленді. Сарапшылар серіктестік жобаның билік, қоғам және бизнес арасында кеңейту мүмкіндігін айрықша атап өтті. Мұндай өзгеріс – тік вертикальдан синергияға көшу – VNR‑2025-тің басты бағыты.
Бес жылда Aitas Foundation арқылы 17 өңірде 190 ауыл мектебі арқылы 170 000 оқушы мен 17 000 педагог қамтылды. Үш ауданда (Катон‑Қарағай, Бұланды және Ұлан) 150 астам жоба іске асырылды. Жалпы көлем – 5,3 миллиард теңге өз қаражаты және 65 миллиард тенге тартылған инвестициялар.
Aitas Foundation үшін серіктестік – стратегия. Қор ғаламдық қоғамдық қайраткерлерді біріктіре отырып, бизнес, мемлекет пен қоғамды болашақ үшін тоғыстырады.