ШҚО ТЖД құтқарушылары тауға дайындықсыз бару қаншалықты қауіпті екенін айтты

Рейтинг
20.08.2025, 15:20
ШҚО ТЖД құтқарушылары тауға дайындықсыз бару қаншалықты қауіпті екенін айтты

Жыл сайын аймақта тауларда туристермен төтенше жағдайлар орын алады. Ағымдағы жылдың басынан бастап құтқарушылар таулы жерлерде азаматтарды құтқару бойынша үш авариялық-құтқару операциясын жүргізді: Катонқарағай ауданында - 2 және Риддер қаласы аумағында - 1. Құтқарушылар атап өткендей, тәжірибелі саяхатшылар да адасып, төтенше жағдайға тап болуы мүмкін.

          "Бағдарды жоғалту қаупі қараңғы түскен кезде кешкі уақытта артады. Бір адам да, бір топ адам да адасып кетуі мүмкін", - деп еске салады ШҚО ТЖД.

         Құтқарушылар бірінші кезекте дүрбелең салмауға кеңес береді.

         "Жан күйзелісі кезінде әрекеттер күтпеген салдарға әкелуі мүмкін.  Мысалы, сіз кездейсоқ таудан құлап, жарақат алуыңыз мүмкін. Сабырлылықты сақтай отырып, туыстарыңызға және құтқару қызметіне 112 нөміріне хабарласып, қажетті ақпаратты беруге тырысыңыз.   Егер ұялы байланыс болмаса, сіз өз күшіңізге үміттенуіңіз керек. Ашық жерге жайғасып, құтқарушыларға белгі беріңіз - қараңғыда от жағып, күндіз жарқын түсті киімдерді мүмкіндігінше жоғары іліп қойыңыз",-деп кеңес береді ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Ерик Булгумбаев.

        Саяхатшының міндеті-тәуекелдерді барынша азайту. Ең алдымен, маршрутты пысықтауға және дайындауға назар аудару керек, қар көшкіні және сел қаупі бар учаскелердің картасымен, ауа райы болжамымен танысу керек. Тауға шығужәне болжамды оралу уақыты туралы 112 қызметіне хабарлау қажет. 

       Қалай киіну керек? Ыңғайлы берік және су өткізбейтін аяқ киім туралы ұмытпауымыз керек, басында каска немесе бас киім, жылы киімдер, термиялық іш киімдер болуы керек.        Күннен қорғайтын көзілдірікті өзіңізбен бірге алып келуді ұмытпаңыз.

        Рюкзакқа не салу керек? Зарядталған телефон және power bank қосымга пайдалы болады, фонарь, алғашқы медициналық көмек қобдишасы, жеке дәрі-дәрмектер: егер сіз оларды үнемі қабылдасаңыз, азық-түлік қоры, термос.

          Тауға жалғыз бару ұсынылмайды.

          Егер қараңғы түссе: егер сіз түн болғанға дейін таулардан шыға алмасаңыз, онда сіз жануарлар мен тоназытудан сақтай алатын төсек жабдықтауыңыз керек.

   

 ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Сұхбат

PhotoRoom