Түркістанда 4 балабақша ашылды

Жаңалықтар
25.12.2014, 13:35

Түркі дүниесінің рухани орталығы саналатын Түрістан қаласында мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында төрт балабақша ашылып, ел игілігіне берілді. Осылайша түркістандық бес жүзге жуық бүлдіршін балабақшаға баруға мүмкіндік алды.  

Үшқайық ауылдық округінде орналасқан «Алтын ұя» бөбекжай-бақшасы 120 орынға есептелінген. Мемлекет қазынасынан қаржыландырылған нысанға 249 млн. теңге бөлініп, құрылысы алты айда аяқталды. Бөбекжай заман талабына сай жабдықталған.

DSC_8171

Сондай-ақ, осы күні жалпы саны 340 орындық жеке кәсіпкерлердің қаржысына салынған «Әмина», «Бота», «Анажан ана» балабақшалар есігін айқара ашып, жас бүлдіршіндерді қабылдады. Тиісті талаптарға сай бой көтерген бұл мекемелерде балғындарға қажетті жағдай жасалынған.  

DSC_8118

Осы балабақшалардың пайдалануға берілуінің нәтижесінде жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Салтанатты шараларға арнайы қатысқан Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаевбүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, қадамдарына сәттілік тіледі. Айта кетейік, 2009 жылы Түркістанда балаларды балабақшамен қамту небәрі 9 пайыз болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 76,50 пайызға жетіп отыр.

Сұхбат

PhotoRoom