Былтыр тағайындалған Сергей Кулагин (Ақмола) мен Даниал Ахметов (ШҚО) аудандық деңгейдегі ауыс-түйістерін бастап кетті. Қос әкім облыстарындағы стратегиялық жағынан маңызды аудандарының басшыларын жаңалап алды.
Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Асқар Мұратұлы Зеренді ауданының әкімі болып тағайындалды.
Еске сала кетсек, ауданның бұрынғы әкімі Қанат Әлібеков бар-жоғы 4 айға жуық қызмет атқарып денсаулығына байланысты жақында өз еркімен қызметінен кеткен болатын.
Ал Даниал Ахметов Аягөз ауданына Байахметов Бауыржан Кәкенқажыұлын тағайындады. Бауыржан Кәкенқажыұлы Бердібек Сапарбаевтың өкімімен 2014 жылдың шілде айында ғана Ұлан ауданының басшылығына бекітілген болатын.