Кәсіпкерлер палатасы топ-менеджерлерінің айлығы қанша?

Жаңалықтар
14.01.2015, 14:22

ҰКП топ-менеджерлерiн жоғары жалақымен таңқалдыру қиын, дейдi палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

"Бәрiнен көп алатындар басқарма мүшелерi - 750 мың теңге. Бұл ең жоғары жалақы, салығы бар, өзгесi бар шамамен қолдарына 600 мың алады. Олар негiзiнен iрi бизнесi бар адамдар, сондықтан 600 мың теңге жалақымен оларды еш таңқалдыра алмайсың", - дейдi ол.

Департамент директорлары шамамен 500 теңге жалақы алады екен.

"Үш санатты сарапшыларда 200-300 мың теңге шамасында жалақысы бар. Аймақтардағы сарапшылар сәл аздау - 150-200 теңге алады. Палата директорлары департамент басшыларымен бiрдей, шамамен 500 мың теңге қолдарына тиедi", - деп атап өттi ол.

Оның айтуынша, соған қарамастан қызметкерлердiң палатадағы жұмыстан бас тартуы өте жиi болып тұрады.

"Жұмыс өте көп, меморгандармен және кәсiпкерлермен құжаттар айналымы үлкен. Жыл сайын жұмыс ауырлап барады. Көбi мұндай жалақыға осыншама жұмыс тындырудан шаршайды. Көбi тек идея үшiн қалып отыр", - дейдi А.Мырзахметов.

Сұхбат

PhotoRoom