Жақсыбековтің тағайындаулары әлі жалғасып жатыр

Жаңалықтар
14.01.2015, 15:36

Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметінен елорда әкімдігінде жаңа тағайындаулардың орын алғаны туралы хабарлады. 

Атап айтқанда, Тайжанов Айтбай Қалжанұлы Астана қаласы бойынша ветеринарлық бақылау және қадағалау аймақтық инспекциясының басшысы болып тағайындалды.

Ал Әділханов Дүйсен Бұхарбайұлы Астана қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Сұхбат

PhotoRoom