2016 жылға қарай Жер шарын мекендейтін халықтың ең бай саналатын 1 пайызы, қалған 99 пайыздан да ауқатты болады деп ескертеді, британиялық Oxfam қайырымдылық ұйымы.
Аталған ұйым әлем тұрғындары арасында күннен күнге өсіп бара жатқан теңсіздік мәселесін көтеріп, Давоста әлемнің ықпалды тұлғалары бас қосатын Дүниежүзілік экономикалық форумы алдында әлем назарын аудармақ.
Oxfam жетекшісі Уинни Бьяньима: "Теңсіздік өршіп барады. Бай мен кедейдің арасындағы айрмашылықтың мастабы кеңейіп келеді" деп мәлімдеді.
Ол әлем елдерінің басшыларын салық мәселесіне дұрыстап қарауға, мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға, ең төменгі жалақы көрсеткішін заңмен бекітуге шақырды, деп жазады BBC.