Бүгін ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен "Ғаламдық сынақтар кезеңі: жаңа қатерлер" атты дөңгелек үстел отырысы өтеді.
Қазір халықаралық аренадағы геосаяси жағдайдың шиеленісуі және оның салдары ретіндегі саяси-экономикалық байланыстардың алшақтай бастауы, жаһандық қатерлер Еуразия өңіріндегі елдердің ішкі және сыртқы саясатына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Дөңгелек үстел барысында өзекті геосаяси және геоэкономикалық мәселелер, оның ішінде Еуразия аймағының қазіргі жағдайы мен қиыншылықтары, жетекші мемлекеттердің санкция саясаты, Украина дағдарысы, әлемдік нарықтағы мұнай бағасының төмендеуі және дүниежүзілік экономиканың даму қарқынының әлсіреуі сияқты мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.
Ғылыми шараға Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және АҚШ-тың жетекші сарапшылары, ҚР мемлекеттік мекемелерінің жауапты қызметкерлері қатысады. Сараптамалық талқылау онлайн-конференция үлгісінде жүргізіледі.
Уақыты: 12-00-13-30
Мекен-жайы: Қазмедиа Орталығы, 5-қабат.
Тіркелу 11-30-да басталады!!!