Мәми семинар-тренинг өткізді

Жаңалықтар
21.01.2015, 13:48

Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалығымен Жоғарғы сотта «Судья қызметінің тиімділігі бағалау мониторингі» тақырыбында халықаралық семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

«Кез келген ұлттық құқықтық жүйе халықаралық заң стандарттары мен оның сапасын дұрыс бағалайтын жүйеге сәйкес болуы керек. Бұл оңай міндет емес. Сондықтан, осы саладағы біздің судьялардың біліктілігі мен озық халықаралық тәжірибені есепке алғанда, бүгінгі семинар сот жүйесін мониторингтен өткізетін ұлттық жүйені тағы бір талқылап, оны жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді», - дейді Қ.Мами.

Семинар барысында Нидерланды, Сингапур, АҚШ, Финляндия сияқты елдердің тәжірибелері талқыланып, сот жүйесін мониторингілеу бойынша біздің елдің де тәжірибесі жан-жақты сөз болды.

Айта кетейік, бүгінгі семинар Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесе ұйымдастырылған.

 

Сұхбат

PhotoRoom