ШЫМКЕНТ: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жаңалықтар
13.05.2020, 13:10
ШЫМКЕНТ: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

«Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті бірлесіп «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және оның алдын-алу» тақырыбында тікелей эфирде вебинар өткізді.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Алдын-алу басқармасының басшысы Н.Қасымбеков, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы — әкімнің штаттан тыс кеңесшісі Ж.Қамбар, Университеттің «Әлеуметтік және тәрбие жұмысы» жөніндегі проректоры, қалалық ақпараттық штаб жетекшісі  С.Мажинбеков, профессор оқытушылар қатысты.

Вебинар барысында жастар арасында парасаттылық, адалдық принциптерін қалыптастыру, сессия тапсыру және дипломдық жұмыстарды, магистрлік, докторлық диссертацияларды қорғау барысындағы академиялық адалдық мәселелері талқыланды.

Сұхбат

PhotoRoom