Норманд төрттігінің нәтижесіз кездесуі

Жаңалықтар
22.01.2015, 11:32

Берлинде өткен Ресей, Украина, Франция және Германия елдерінің сыртқы істер министрлері кездесуінде мәселе шешіле қоймаса да, қатысушылардың айтуынша, алға ілгерілеу байқалады. Донбасстағы қарулы қақтығысты реттеуге арналған келіссөз кеше кешкісін аяқталды.

Кездесуде аймақтағы қарулы әрекеттерді тоқтату туралы айтылып, бейбіт түрде шеушуге ұмтылыс байқалды деп жазады Эхо Москвы радиосының сайты. Жақында ғана Қазақстан Президентінің Германияға сапары аясында Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен алманиялық сыртқы істер министр Франк-Вальтер Штайнмайер келіссөздерде прогресстің байқалғанын тілге тиек етті. Ал Ресей СІМ Сергей Лавров "норманд төрттігі" Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Киевтегі өкілдігімен байланыс орната басқатағын атап өткен. Украинадағы шиеленіс кеше Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің отырысында да қаралды. Ол жиында АҚШ өкілі Владимир Путинді айыптап, астыртын қарулы қақтығыс шоғын үрлеп отыр дегенге келтірді. Ал Ресей өкілі Виталий Чуркин болса, әдеттегідей ресми Киевті бейбіт келісімге мүдделі болмай отырғанын айтып ақталды.

акорда

Айта кетейік бұдан бұрын, Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап, Астанада Украинадағы ахуалды реттеу жөніндегі норманд форматындағы (Украина, Ресей, Германия, Франция) биік деңгейдегі кездесу қаңтар айының соңында өтеді, - деп хабарлаған болатын.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина басшысы Петр Порошенкомен телефон арқылы Украинадағы қазіргі ахуалды, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылаған болатын.

Петр Порошенконың мәліметінше, таяу уақытта "норманд төрттігінің" сыртқы істер министрлері мен Шығыс Украинадағы дағдарыс жөніндегі байланыс тобының кездесуі өтеді, онда Қазақстанның елордасында талқыланатын құжаттың жобасы әзірленеді. "Петр Порошенко жоғары деңгейдегі кездесуді өзінің Астанада өткізуге ықыласты екенін растады. Әңгіме барысында Украина, Ресей, Германия және Франция көшбасшыларының Астанадағы кездесуін қаңтардың аяғында өткізу қарастырылып отырғаны айтылды. Телефон арқылы сөйлесуге Украин жағы бастамашы болды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сұхбат

PhotoRoom