Арыстанбек мырза "телефон жырын" түсіндірді

Жаңалықтар
22.01.2015, 14:44

ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматыда Ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында Әнұран шырқалып тұрған кезiнде телефон арқылы сөйлесуiнiң себептерiн түсiндiрдi, деп жазады Қазақпарат.

«Илья Ильин әлем бiрiншiлiгiнде жеңген кезде бiз өте қатты қуандық. Сондай сәттерде әрбiр адам қатты толғаныста болады. Жарыс басталған кезде бiз Ильяға егер ол жеңiске жетсе, оны Мемлекет басшысы жеке құттықтайтынын айттық. Илья жеңiстен соң, бiрден Президентпен қосуын өтiндi», - дейдi А. Мұхамедиұлы.

Министрдiң сөзiне қарағанда, Қазақстан Әнұраны шырқалып тұрғанда оны мақтаныш кернеп тұрды.

«Әрбiр Президент өз спортшыларына үлкен қолдау бiлдiредi. Мен президенттердiң спортшылар жеңiсiнен кейiн құттықтамағанын көрген емеспiн. Президенттiң Ильяны құттықтауы барша қазақстандықтар атынан болғанын түсiну керек», - деп атап өттi министр.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерді белсенді қолданушы қазақстандықтар министрдің бұл әрекетін сынға алған болатын.

Сұхбат

PhotoRoom