Ресей Балтық елдеріне басып кіре ме?

Жаңалықтар
22.01.2015, 16:56

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі экс-кеңесшісі Збигнев Бжезинский Ресей күндердің күнінде басып кірмес үшін АҚШ-қа Балтық елдеріне жауынгерлік бөлімдер ашуды ұсынды.

156552577

Сенат комитетінде сөз сөйлеген әйгілі сарапшы Путиннің Балтық елдеріне басып кіру мүмкіндігін және оны НАТО аңғармай да қалуы да кәдік екенін айтты. "Олар үшін Рига мен Таллинді басып алу түкке тұрғысыз. Бір-ақ күн уақыт жетеді. Балтық елдері тіпті қарсылық та көрсете алмай қалады" дейді Бжезинский.

Сондықтан, Ресейге ондай мүмкіндік бермес үшін америкалық ротаның Эстонияда орналқаны дұрыс деп есептейді саясаттанушы. Сонымен қатар ол, Украинадағы дағдарыс Мәскеу үшін тек шығын ғана болуы үшін ресми Киевке қару-жарақ жеткізуді қолға алуды дұрыс көреді. З. Бжезинкийдің мәлімдемесі НАТО хатшысы Йенс Столтербергтің Ресейдің Украина жеріне жіберетін қаруларды көбейтіп жатқанын айтқан сөзімен тұспа-тұс келді. Порошенко да сол сәтте Украина территориясына Ресей жағы тағы 9 мың әскериді жібергенін жария еткен болатын.

Сұхбат

PhotoRoom