Сайлауалды бағдарламасымен қала жұртшылығын таныстырды

Жаңалықтар
05.01.2021, 17:01
Сайлауалды бағдарламасымен қала жұртшылығын таныстырды

«Nur Otan» партиясының насихат тобы жаңа жылдың алғашқы күндерінен бастап, саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасымен қала жұртшылығын таныстырды. Қайтпас шағынауданындағы №58 мектеп ұжымымен кездесіп, ұстаз мәртебесі жайында және мұғалімдердің айлық мәселесі әлі де шешімін тауып, көтерілетінін жеткізді. Аудандағы су, кәріз, жарық мәселесі толықтай шешімін табатынын айтты. Жалпы, еліміздегі жетекші партияның алдағы 5 жылдықта атқаратын жұмыстары қыруар. Оның ішінде жастарға, жас отбасыларға көрсетілетін көмек көп. Төмен пайызда несие беріліп, кәсіп бастауға мүмкіндік беріледі. Жалпы, «Nur Otan» партиясының 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасы еліміздегі барлық саланың алға ілгерілеп, халықтың әл-ауқатының жақсара түсуіне ықпал етуге бағытталған.

 

Бекайдар Төлегенов - «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филалы төрағасының орынбасары

Сұхбат

PhotoRoom