БІР КҮНДЕ 3 МЛН 111 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ

Жаңалықтар
06.01.2021, 17:09
БІР КҮНДЕ 3 МЛН 111 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ

2020-шы  жылы Шымкентте 322 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 76 адам қаза болып, 406 азаматтар әр түрлі дене жарақаттарын алды. Қауіптің алдын алу үшін мегаполистегі  үш жақты түзілген меморандум негізінде 14 көшеге «Сергек» жүйесі  орнатылған.  Бұл жүйе іске қосылған күні ақ  224 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Бұл камералар саны алдағы уақытта тағыда артады. Шымкенттің бас полицейі  желмен жүйіткіп жарысқанды ұнататын жүргізушілер қапы қалмасын деп отыр.

Ералы Жұмаханбетов – Шымкент қаласы ПД –нің бастығы

Былтыр қала мектептерінің қабырғасында жасөспірімдердің қатысуымен бірде-бір қылмыс орын алмаған. Оған әр мектепке бөлінген инспекторлар мен жұмылдырылған учаскелік полицейлердің септігі тиген. Десекте қалада  кәмелетке толмағандармен жасалған 146қылмыстар дерегі бар. Бірақ бұл көрсеткі 2019-шы жылмен салыстырғанда  - 18,4 пайызға төмендеген.

Шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлер ауласы   мен дәлізіне орнатылған бейне камераларда түрлі қылмыстың ашылуына септігі тиіп отыр.  «Қазақтелеком» акционерлық қоғамының камералары көмегімен2026Әкімшілік құқық бұзушылықдерегі тіркелген.Сонымен қатар бірнеше ауыр қылмыстар бақылау камералары арқылы  ашылған.

Сұхбат

PhotoRoom