МЕЖЕЛЕНГЕН МАҚСАТҚА ЖЕТТІ

Жаңалықтар
24.01.2023, 17:15

Бүгін «AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалына қарасты «Жастар Отанға» бастауыш партия ұйымының отырысы өтті.

МЕЖЕЛЕНГЕН МАҚСАТҚА ЖЕТТІ
AMANAT

        Жиынға AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшы орынбасары, фракция жетекшісі Бекайдар Тулегенов және БПҰ мүшелері қатысты.  Күн тәртібіне сай Шымкент қалалық мәслихат депутаттары соңғы екі жылда атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Одан әрі аумақтық конференцияға делегаттар сайлау мәселесі қаралды.

       Екі жылдың қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасы 2021 жылы - 92 %, ал 2022 жылы - 85 % орындалды.  Бұл туралы фракция жетекшісі Бекайдар Мұсаұлы: «Әлеуметтік салада оң өзгерістер көп. Қаланың демографиялық өсімі жоғары болғандықтан үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында екі жыл қорытындысымен 35 мыңнан астам орынмен 68 мектеп салынып, үш ауысымды 19 мектептің санын 4 мектепке дейін қысқарттық.

Екі жыл ішінде 8 медициналық мекеме салынып, 18 мекеменің материалдық техникалық базасы жаңартылды.
Азаматтарды жұмыспен қамту саласында екі жыл ішінде 46,5 мың азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Шағын және орта бизнеспен қамтылған азаматтардың саны 159,4 мыңнан 189,4 мыңға артты», - деді өз сөзінде.

Сұхбат

PhotoRoom