ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫС КӨЛЕМІ КЕҢ

Жаңалықтар
24.01.2023, 17:17

Бүгін «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалына қарасты №90 мектепте орналасқан «Ақниет» бастауыш партия ұйымының  отырысы өтті. Жиынға БПО мүшелері мен белсенді партияластар қатысты. 

ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫС КӨЛЕМІ КЕҢ

 

Кездесу барысында жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихат  депутаты Талғат Балтабаев  екі жылда халық қалаулысы ретінде атқарған жұмыстары жайлы есеп берді. 

Атап айтқанда, қала аумағында инженерлік инфрақұрылым мәселесіне қатысты тұрғындардың өтініштері мен жүзеге асқан жұмыстар жайы айтылды. 

Есеп соңы сұрақ-жауап форматында жалғасты. Жиынға қатысушылар көкейдегі сауалдарын қойып, жауабын алды.

Сұхбат

PhotoRoom