ХАЛЫҚ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН МЕДИЦИНА МЕКЕМЕСІ

Жаңалықтар
06.01.2021, 17:30
ХАЛЫҚ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН МЕДИЦИНА МЕКЕМЕСІ

Әлемді жайлаған алапат індет дәрігерлерді көрінбейтін жаумен күресте алдыңғы шепке шығарды. Сын сағатында уақытпен санаспағаны былай тұрсын, тіпті үй бетін көрмей жұмыс жасаған қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері қандай құрметке болсын лайық. Пандемия басталған тұстан, осы уақытқа дейін короновирус инфекциясын жұқтырған 10 мыңға жуық науқас осы ауруханадан емделіп шыққан.

Қалдыгүл Кулжанова – Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасын клиникалық диагностикалық аурухана деп айтуға әбден болатындай. Өйткені, мұндағы жабдықтар соңғы заман талабына сай орнатылған. Медицина мекемесіндегі зертхана жұмысындағы ілгерілеушілік пандемияның ушыққан кезеңінде өз нәтижесін бере білді дейді зертхана меңгерушісі. Тіпті, биоматериалдарды алуға арналған вирустық транспорттық ортаны дайындап қаладағы медицина мекемелерінде қамтамасыз еткен.

Айгүл Рыстаева – Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының аға медбикесі

360 орынға арналаған аурухана жанынан өткен жылы 200 орындық орталық ашылып қауіпті кеселді жұқтырғандардың тең жарымы сонда емделді. Медицинаға тәуелді болып тұрған заманда оның үздіксіз дамуы ауадай қажет-ақ. Ал, бұл жолда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері мен орта буынды медицина қызметкерлері білімдерін үздіксіз жетілдіріп келеді. Бүгінгі таңда бұл ауруханада 88 дәрігер мен 270 астам орта, 240 жуық кіші медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Олардың бірқатары  Халық алғысы, Шапағат,    Денсаулық сақтау саласының үздігі, Ерен еңбегі үшін медалдарымен марапатталды. Ақ халаттылар еңбектерінің еленгендеріне дән риза.    

Сұхбат

PhotoRoom