СІМ мерейтойлар мен атаулы күндерді талқылады

Жаңалықтар
23.01.2015, 14:06

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов сыртқы саяси мекеменің басшылығымен жұмыс отырысын өткізді.  

Министр 2015 жылдың еліміз үшін ерекше жыл болатынын және биыл бірнеше мерейтойлық оқиғалар, атап айтқанда, қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы, Қазақстан Республикасы Ата заңының 20 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуына 20 жыл толуы аталып өтетінін айтты. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығының Қазақстан үшін маңызы ерекше. Одан басқа, 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 70 жылдығын тойлап, ЕҚЫҰ құрылуына әкелген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің Хельсинктік қорытынды актісіне қол қойылғанының 40 жылдығы аталып өтеді.

«Е. Ыдырысов Қазақстанның 2015 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығында және Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығының кеңесінде төрағалық ету аясында жұмыстың жеке бағыттарын айқындады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жаһандық сұхбаттар алаңына айналған форумдарды – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-съезін (маусым), Еуразиялық медиафорумын (сәуір), Астаналық экономикалық форумы және Дағдарысқа қарсы дүниежүзі конференциясын (мамыр) ұйымдастыруға қолғабыс көрсету жұмысының маңыздылығы атап өтілді.

Хатшылығы Астанада орналасатын Ислам ынтымақтастық ұйымы азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Жақын арада аталған ұйымның жарғысына Біріккен Араб Әмірліктері қол қойып, ұйым мүшесіне айналды.

Жалпы өңір үшін және жеке Қазақстан үшін бұл ұйымның маңызы зор. Ол қажетті жедел және гуманитарлық көмек көрсету, соның ішінде азық-түлік қауіпсіздік қорларын құру мәселелерімен айналысады деп күтілуде. Сонымен қатар, ұйымның іске қосылуы қазақстандық астықты және өзге азық-түлік түрлерін ИЫҰ мүше мемлекеттеріне жеткізуге, Қазақстанда және өзге елдерде ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жол ашады деп күтілуде.

Министр Қазақстанның шетелдік әріптестермен Үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жүйелендіру бойынша үдерістерді атап өтті.

Сондай-ақ, Е.Ыдырысов Сыртқы істер министрлігімен атқарып отырған негізгі ұзақ мерзімді сыртқы саяси бастамалар бойынша бір ізді жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Мұнда Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілеу, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық жұмыстары, «KazAID» ресми даму көмегі механизмін іске қосу және Алматыда БҰҰ көпжақты дипломатия хабын құру мәселелері туралы айтылуда.

Министр құрлықтың ірі ұйымдары – Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ арасында «көпір жүргізу» жұмысына ерекше назар аударды. Бұл 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы Келісімнің күшіне енуінен бастап өзекті мәселеге айналды.

Сонымен қоса, екіжақты форматта да, және Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары ұйымы (АӨСШК), Шаңхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ), Ауғанстан бойынша Ыстамбұл үдерісі және басқа да аймақтық және халықаралық ұйымдар мен форумдардағы еліміздің басшылығымен өтетін халықаралық іс-шаралар кестесі қарастырылды.

BNews.kz.

 

Сұхбат

PhotoRoom