МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

Жаңалықтар
08.01.2021, 18:06
МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәлімдеуінше, қалада 1050 нысан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына ыңғайластырылды. Былтыр қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 4 ауданда 55 әлеуметтік нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінге дейін аудан әкімдіктері тарапынан 2021 жылға паспорттаудан және бейімдеуден өтетін 75 әлеуметтік нысанның тізімі анықталып отыр.  Абай ауданы – 4, Еңбекші ауданы – 22, Әл-Фараби ауданы – 31 және Қаратау ауданында – 18 нысан. Осы мақсатта құрылған арнайы комиссия жұмысын жалғастыруда.

Сұхбат

PhotoRoom